Мұнайлы ауданының прокуратурасы білім беру мекемелерінің 2000-нан астам жұмысшыларының конституциялық құқықтарын қорғады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Талдау барысында аталған тұлғалардың еңбек шарттарында еңбек заңнамасының талаптарына қайшы жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы көрсетілмегені анықталды.
Мысалы, Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес мүгедектігі бар жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді, бұл талаптарды бұза отырып 6 мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға 8 сағаттық жұмыс кестесі бекітілген.
Осы факті бойынша Маңғыстау облысының еңбек инспекциясына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Қазіргі уақытта барлық заң бұзушылықтар жойылды, аудандық білім бөлімінің басшысы әкімшілік жауапқа тартылды.