Халықаралық “DANCE BATTLЕ” би байқауында Мұнайлы ауданының “Қыздәурен” би ансамблі топ жарып, 1-орына ие болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Айтулы өнер бәсекесі Шымкент қаласында өтіп, оған ТМД елдері аумағынан әр түрлі жастағы 70-тен аса өнерпаз қатысқан. Аталған сында Маңғыстау облысынан барған Фариза Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйінің “Қыздәурен” би тобы қазақ және өзбек биін ұсынды.
«8-12 жас аралығындағы қыздарымыз Шымкентте өнер көрсетті. Жалпы Маңғытау өңірінен барған 11 биші сынға түсті. Байқау шартына сәйкес, қазақ және өзбек халқының ұлттық биін ұсындық. Жүзден жүйрік атанып, 1-ші орынды иеленген ұжымды құттықтаймын. Әлі де биік белесті бағындырады деген бек сенімдемін, - деді мәдениет үйінің директоры Ақмарал Нәрембаева.
Байқау нәтижесі бойынша жерлестерімізге қаржылай сыйлық пен Алғыс хат табысталған. Өнер ұжымы алда шеберліктерін шыңда түсіп, көптеген конкурстарда бақ сынауды көздеп отыр.