Қарақия кәсіптік колледжінің жылыжайынан 2 тоннаға жуық өнім алынып, колледж асханасына және жатақхана студенттеріне үлестірілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жыл басында жеміс-көкөніс өсіру өндірістік мамандығының шеберлері мен студенттері колледж аумағында орналасқан арнайы жылыжайда қызанақ, баялды, тәтті бұрыш, қарбыз, қауын тұқымын салып, көктемде көшеттерді отырғызу жұмыстарын жүргізді.
-Колледждің тың жерлерін игеру, қопсыту және өскіндерді қоршаған ортаның қолайсыз ауа-райынан қорғау үшін арнайы пленкаларда өсірілді және тамшылатып суару жүйесінде жүргізілді, - дейді колледж директоры Далабай Орынбасарұлы.
Қарақия кәсіптік колледжі ауласын жасыл желекке айналдырған аудандағы орта білім ордасы. Мектептен кейінгі білім алушылар әртүрлі мамандық бойынша білім алуда.