Қарақия ауданындағы барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де есігін айқара ашып, Президенттік сайлау мемлекеттік Әнұранмен басталды.
Таң қараңғылығына қарамастан сайлау учаскелеріне жиналғандардың қарасы көп. Адамдар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, бір-бірімен амандасып, елдік шаруаға сәттілік тілеп жатты. Ең алғашқы болып дауыс берген тұрғындар өз сайлау учаскесінің сыйлығына ие болды.
Ауданда дауыс беру құқығына ие 20551 сайлаушы бар. Олар үшін 17 сайлау учаскесі жұмыс жасап тұр. Әр учаске талапқа сай қажетті материалдармен қамтамасыз етіліп, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де барлық жағдай жасалған.