Қарақия ауданының мәдени күндері мерекелік кешпен аяқталды. «Амфитеатр» теңіз жағалауында ауданның қолөнер шеберлерінің көрмесімен жалғасты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қолөнер шеберлерінің қатарында төрт түліктің жүнінен өнім өндіретін «Бір ауыл - бір өнім» жобасы, сүт өнімдерінен ұлттық тағам дайындаушы «АQ DAM» бренді, жеке кәсіпкер Бекбауованың консервіленген көкіністері және былғарыдан жасалған бұйымдар болды.
Ақтау қаласына келген туристтер мен қала тұрғындары аудан шеберлерінің өнімдеріне куә болып, сатып алды. Бұдан кейін мәдени кештің көркін аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасы қыздырды. Кеш барысында өнерпаздар Ақтауға, Қазыналы Қарақияға арналған әсем әндерін шырқады.