Қарақия ауданы әкімі Сымбат Төретаев Мұнайшы ауылында жүзеге асып жатқан ірі инвестициялық жоба құрылысымен танысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Сарқылмас Қуат» ЖШС-нің жел электр станциясының негізгі жоба құны 18 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі таңда мердігер мекеме электр қуаты 6,25 МВт құрайтын 8 жел электр қондырғысының құрылысын бастаған. Құрылыс барысында 80 адамды, тұрақты түрде 12 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
- Ауданымызда бой көтеріп жатырған мұндай ірі жобалар жыл сайын көбеюде. Экономикамыздың қарыштап дамуы үшін, әрбір бастамаға баршамыз бір кісідей қолдау беру - біздің міндет. «Батаменен ел көгерер» - дегендей, ауқымды жобаны ел ағаларының батасымен бастаған абзалырақ,- деді аудан басшысы.
Айта кетейік, жоба бойынша барлығы 50 МВт электр қуаты өндіріліп, жел станциясын 2025 жылы ақпан айында іске қосылмақ.