Қарақия ауданында Халықаралық жастар күніне орай «Жастармен бірге» атты мерекелік концерт өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кешке аудан әкімі Сымбат Төретаев қатысып, мерекеге орай ауданнан шыққан спорт мақтаныштарын алғыс хатпен марапаттады.
- Біздің атқарған жұмысымыздан атқармаған жұмысымыз көп. Сондықтан «Жас келсе іске» демекші тәуелсіз еліміздің гүлденіп, қарыштап дами түсуі үшін сендердің тың идеяларың, орнықты пікірлерің, алғыр шешімдерің мен шынайы тазалықтарың керек. Сіздер мен біздер отаншылдық сезіммен, жалынды жігермен туған елімізге қызмет етейік! Біз жастардың жалынды жігерімен болашақтың іргетасын бірге қалауға, қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз. Барша жас буынды бүгінгі жастар күнімен құттықтаймын,- деді аудан әкімі.
Мерекелік кеште Дегдар Жолдасбай, Малой, Алхам, Мира Нұрлыбек және аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, ауыл тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл-күй сыйлады.
Концерттік шара соңы құлаққа жағымды ән және әдемі от шашумен аяқталды.