Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылында жоғары оқу орнын мемлекеттік грантпен GPA -3,75 үздік бітірген Динара Советбайқызы Қарақия ауданы әкімі аппаратының бас маманы лауазымына тікелей конкурссыз жұмысқа қабылданды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгінгі күні GPA 3,33-тен төмен емес оқу нәтижесімен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алған жоғары оқу орындарының түлектері үшін мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындау мүмкіндігі қарастырылған.
Динара Советбайқызы - 2001 жылы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылында дүниеге келген. 2023 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін ветеринарлық медицина мамандығы бойынша үздік аяқтаған.