Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылының тұрғындарына 6 қыркүйекте жарықтың өшетіні туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы «Маңғыстау Жарық» ЖШС хабарлады.
- 6 қыркүйек күні Қарақия ауданының Жетібай ауылы бойынша «Тұрмыс-сервис» МКК өздерінің балансындағы 6/0.4кВ РП, ТП, КТП трансформаторларына (ППР) жоспарға сәйкес 2023-2024 жж күзгі-қысқа дайындықтан өткізуге, қоршау ішітерін тазалау және тозығы жеткен қосалқы бөлшектерді ауыстыру жұмыстарын жасау үшін шаған аудандар бойынша жарық көздері уақытша ажыратылатындығын хабарлайды. Аталған жұмыстар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалады. Түсінікпен қарауларыңызды сұраймыз,- делінген мекеме хабарламасында.