Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығында 57 жастағы Мұнайлы ауданының тұрғынына өте күрделі - аналық бездің муцинозды ісігі, өте ірі размердегі цистаденома және жатырдан пайда болып келе жатқан үлкен миомаға байланысты ота жасалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Науқастардың санатына қарай мұндай оталар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тегін жасалады.
Цистаденома - эпителиальды аналық бездің шырышты цистомасы. Пациентте ауырсыну, өзін жәйсіз сезіну, жатырдан қан кету, ішінің мөлшері біртіндеп ұлғаюы сияқты белгілер болған. Ота барысында төбе беті бар, өлшемі 4 келіге жуық, диаметрі-25 см, ішкі беті цилиндр тәрізді жасушалармен қапталған, шырыш қабығы зақымдалған аналық бездің ісігі алынды.
Күрделі отаны тәжірибесі мол дәрігер Утешева Мария Бекбергенқызы лапаротомия арқылы жүзеге асырды. Қазіргі таңда пациенттің жағдайы қалыпты, үйіне шығуға дайындалып жатыр.