Жатыр мойны обырының алдын алу шаралары аясында Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде ашық есік күні өтіп, 40-тан астам әйел тексерілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аталған мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
УЗИ арқылы 19 әйел тексеріліп, эндометрия гиперплазиясының бір жағдайы және жатыр мойны гиперплазиясының бір жағдайы анықталды. 37 әйел цитологиялық тексеруден өтті. Дәрігерлер жатыр мойны обырына күдікті 3 жағдайды, 13 ісік алды жағдайды және 5 қабынуды анықтады.
Сондай-ақ, 50 жастан асқан адамдардың өкпесіне төмен дозалы КТ жасалды. Бұл тексеруден 11 адам өтті, оның екеуінен онкологиялық ауруға күдік анықталды.