Маңғыстаудағы тергеу изоляторына телефон кіргізбек болған ер адам ұсталды,-деп хабарлайды mangystaumedia.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел уәкілдерге байланыс құралын алып өту дерегі туралы ақпарат түскен. Олар Жаңаөзеннен ауыстырылған ер адамды тінту кезінде шұлығының ішінен «Самсунг» маркалы телефон тапқан. Тергеу тобы шақырылды. Қазіргі таңда бопсалау фактісі бойынша тергелуде.