27 жастағы әйел жүктіліктің 33-аптасында Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының құрамындағы перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне хабарласқан. Жаттығу кезінде ентігу, жүрек соғысының жиілеуі, шаршау, жалпы әлсіздікке шағымданды. Тексеру барысында әйелде туа біткен жүрек ақауы анықталған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәрігерлер республикалық орталықтардағы әріптестерімен ақылдаса келе, шұғыл кесарь тілігін жасауды ұйғарған.
– Науқастың айтуынша, ол бұрын кардиологқа қаралмаған. Жүрек ақауы 2023 жылдың наурыз айында қосымша тексеру кезінде анықталды. Одан кейін тұрғылықты жері бойынша бақылауға алынып, шағымдардың пайда болуымен облыстық ауруханаға жіберілді. Науқасты бақылау кезінде жүрекке ультрадыбыстық зерттеу жүргізіліп, республикалық орталықтармен телеконсультация жасалды. Туа біткен жүрек ақауы, диаметрі 1-4 мм екіншілік жүрекшелер қалқасының ақауы, митральды қақпақшаның ІІ дәрежелі жеткіліксіздігі, орташа ауырлықтағы өкпе гипертензиясы диагноз қойылды. Бұл патологиямен табиғи босану мүмкін емес. Шұғыл түрде кесарь тілігі жасау туралы шешім қабылданды», - деді МОКА құрамындағы перинаталдық орталықтың акушер-гинекологы Юлия Асенбайқызы Досаханова.
Операция 40 минутқа созылды. Оған акушер-гинекологтар Махимова Галия Амангелдіқызы мен Досаханова Юлия Асенбаевна, МОКА директорының бірінші орынбасары Бітімов Сағат Аманқосұлы мен реаниматологтары қатысты. Дәрігерлер операция кезінде әр секундты тиімді пайдалануды мақсат етте. Себебі кесуден кейін баланы аман алып қалу болды.
- Біздің міндет науқас жүрегіндегі ауырлықты жеңуге көмектесу болды. Операция сәтті аяқталды. Салмағы 1 келі 840 грамм, бойы 41 см, шала туылу белгілері бар ұл бала дүниеге келді. Тесті оң нәтиже алып, жан-жақты медициналық тексеруден өткен соң, ана мен бала қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды, - деді Юлия Асенбаевна.