2023 жылдың 28 қаңтарында сағат 14:10 шамасында Бекі ауылында ер адамның өз көлігінде отырып көмірқышқыл газымен уланғаны туралы қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ер адамның денесі зорлық-зомбылық белгілерінсіз "Toyota Prado" маркалы көліктен табылды. Бұл туралы облыс ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақпаратқа сүйенсек, 38 және 40 жастағы екі ер адам көлікте ұйықтап қалған. Қайғылы оқиға салдарынан олардың бірі көз жұмды, ал екіншісі аудандық ауруханаға жеткізілді.
Бұл дерек Маңғыстау аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады және газбен уланудың алдын алу үшін автокөліктің газ шығару жүйесінің герметикалығын үнемі тексеріп отыру қажеттігін еске салады.
Екінші дерек бойынша ҚР ҚК 114-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеуді Ақтау қаласының полиция басқармасы жүргізеді,-делінген Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының дәрігерлері 1984 жылы туған ер адамның жағдайы туралы ақпарат берді.
- Науқас әлі есін жиған жоқ, жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр, ӨЖЖ құрылығысына қосылған,-деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.