Бойжеткен ауыр дәрежедегі жалпы гипотермия алған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- 1997 жылы туған науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Қазір біртіндеп есін жиды, зардап шегуші ауыр дәрежедегі жалпы гипотермия алды, - деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Еске салайық, облыстың Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, 29 қаңтар күні сағат 15:50-де құтқарушыларға «Самал» шағын ауданы маңында теңізге бір адамның батып бара жатқаны туралы хабарлама түскен. Олар оны құтқарып, дәрігерлерге тапсырған болатын.