Ақтаудағы IT лицейінде «Ашық және әділ мектеп» пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Жобамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті танысты.
-Жобаның мақсаты – білім алушының жеке басын оқыту және дамыту үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау, білім беру үдерісіне қатысушылардың заманауи құқықтық ойлауын және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Жобаның басым бағыты лицейдің мұғалімдері, оқушылары және ата-аналары үшін ашық қоғамдастық стратегиясын әзірлеу болып табылады. Жобаның міндеті – әділ Қазақстанның дамуына үлес қоса алатын балаларымыздың бойында азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу, деді мектеп әкімшілігі.
Жоба аясында департаменттің бас маманы Нұргүл Мұқатай оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды таныстырды.
Сондай-ақ, мектеп оқушылардың бойында құқық негіздерін қалыптастыру үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, прокуратура, полиция органдарымен өзара іс-қимыл жасауды жоспарлап отыр.
Семинар барысында мектеп оқушылары «Ашық және әділ мектеп» тұжырымы бойынша өз жобаларын ұсынып, талқылау өткізді.