Қарақия ауданында дауыс беруге құқылы 20 мыңан астам сайлаушы бар. Олар үшін 17 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-ден бастап жұмыс істеп тұр.
Сайлау комиссиясының өкілі Д.Атағараевтың айтуынша, дәл қазіргі жағдаймен сайлаушылардың шамамен 70 пайызы келіп дауыс беріп үлгерген. “Дегенмен, жергілікті уақытты ескерсек, әлі де уақыт бар. Адамдар әлі де келіп дауыс беріп жатыр. Керісінше қыза түсті”,-дейді ол.
Айта кетейік, дәл қазір Құрықтағы сайлау учаскелерін халықаралық бақылаушылар аралап жүр. Сайлау барысы қалыпты деңгейде өз жұмысын жалғастыруда.