Қарақия ауданында Тәуелсіздік мерекесіне орай мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Қайсарлығы қанында тұр, бабамның» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Байқаудың мақсаты жас буынды сөз әдебиетінің байлығымен таныстыра отырып, танымал ақындардың төл шығармаларын жаңғыртып, оны көркемдік тілмен жеткізуге және сахна мәдениетін игеруге шақыру. Сонымен қатар ел тәуелсіздігін дәріптей отырып, жастар арасында туған еліне деген сүйіспеншілікті арттыру.
Байқау екі кезең бойынша өтті. «Туған ел», «Отан», «Тәуелсіздік» бағытта жазылған ақындардың өлеңдері оқылды. Қазылар алқасының шешімімен үздіктер іріктелді. Атап айтқанда, бас жүлдені Ерасыл Көпберген, І орынды Қобылан Бақытжанұлы, ІІ орынды Сымбат Бостан алса, ал ІІІ орынды Инара Солдат иеленді.