Қарақия ауданында жаңа жылдық «Ертегілер еліне саяхат» атты аудан әкімінің шыршасы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мерекелік шыршаға аудан және ауылдағы көпбалалы, аз қамтылған отбасыдан шыққан 100 бала қатысты. Әр балаға сыйлықтар, тәттілер таратылып, 100 мың теңге көлемінде сыйақы ата-аналардың шотына аударылды. Сонымен қатар аудан әкімі Қ.Беков салтанатты кешке жиналған қонақтарды жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Сондай-ақ шараға аудандық мәслихат хатшысы Жанғабыл Қалаубай, білім бөлімінің басшысы Қалбибі Бекқалина, мектеп директорлары мен балалардың ұстаздары қатысты.
Мерекелік кеш Құрық балалар өнер мектебіні дайындаған ертегілік қойылымымен жалғасты. Әсіресе, Алдаркөсе мен байдың хикаясы көрерменге ерекше ұнады. Қазақы нақышпен киінген Бізбике мен Тазша бала да жүр. Балалар кейіпкерлермен ойнап, өз өнерлерін де көрсетті. Аяз атаға ән айтып, би биледі. Осылайша, балалар ескі жылмен бірге "Балалар жылын" да шығарып салды.