Қарақия ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін түсіндіру, электронды қызмет алу тиімділігін насихаттау мақсатында жеке парақша ашылды. Бұл тәжірибе әзірге тек Қарақия ауданында іске қосылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парақшаның ерекшелігі - барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бір жерде топтасуы.
Парақшаның ашылғанына екі апта болсада 13 жазба, 2 бейнеролик жарияланып, 4655 қаралым жинап, 53 адам тіркеліп үлгерді.
Алдағы уақытта, жылдық жоспар бекітіліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді түсіндіру бағытында тікелей эфирлер, жәрмеңкелер, брифингтер ұйымдастырылатын болады.