Ақтау қаласының тұрғындары енді «Smart Aktau» қосымшасы арқылы жасыл желектерді суару кестесін көре алады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Телефон қосымшасы арқылы енді қала тұрғындары аталған қызметті онлайн бақылай алады.
- Тұрғындар «Smart Aktau» қосымшасы арқылы жасыл желекті суару кестесін қадағалай алады. Қалада суаруға жауапты тұлғалардың мекен-жайлары мен нөмірлерін сайт әзірлеушілері ақпараттық кестеге енгізген, - дейді қала әкімшілігіндегілер.
Жасыл желектерді суаруды бақылау үшін:
Smart Aktau қосымшасын жүктеңіз
бұдан әрі ТКШ бөліміне өтіңіз
«жасыл желектерді суару кестесін» таңдаңыз
тізімнен өз мекен-жайыңызды табыңыз
Еске сала кетейік, 25 шілде күні Ақтау қаласының әкмдігі шілде, тамыз, қыркүйек айына арналған жасыл желекті суару кестесін ұсынған болатын. Қала бойынша суару жұмыстарымен «GreenCityAktau» ЖШС айналысады.