2022 жылы 27 шілдеде сағат 9:00 шамасында "102" -ге 9, 10, 11-шағынаудандар арасында болған жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
- "Lexus LX 570" автокөлігі мен "Lada Largus" автокөлігі соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ. "Lexus LX 570" жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК - нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметі.