Жаңаөзеннен 176 тонна қоқыс шығарылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл қоқыстың барлығы Жаңаөзен қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен сенбілік кезінде жиналған.
Бұл сенбілікке 800-ден астам қатысып, 17 техника жұмылдырылған.
Жаңаөзен қаласының әкімдігіне қарасты іргелес ауыл әкімдіктері, 3 коммуналдық кәсіпорын, “Zangar event” қоғамдық қоры, кәсіпкерлер мен еріктілер, мемлекеттік мекемелер бірігіп, қала тазалығына атсалысты.