• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 8 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Ғани Бейсембаев Ақтаудағы оңалту орталығындағы Құлсары тұрғындарымен кездесті

    13 сәуір, 15:44  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Еліміздің оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапарының аясында Ақтау қаласындағы бірнеше эвакуациялық пунктке арнайы барды, деп хабарлайды Mangystaumedia.kz.

    Ақтау қаласындағы оңалту орталығында министр уақытша қоныстанған Құлсары тұрғындарымен кездесіп, олардың пікірін тыңдады.

    Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопанов Ақтау қаласындағы оңалту орталығындағы жұмыс барысының қалай үйлестіріп жатқаны туралы баяндады. Оның айтуынша, мұнда Атырау облысының Жылыой және Махамбет аудандарынан сексенге тарта адам уақытша орналасқан.

    "Ақтау қаласындағы оңалту орталығында Атырау облысындағы су тасқынынан зардап шеккен 79 адам орналасты. Жалпы, бұл нысан 300 адамды қабылдауға есептелген. Көшірілген тұрғындарға бір реттік көмек көрсету бойынша құжатын қарап, несие төлейтін адамдардың өтініштерін қабылдап, комиссияға жолдадық. Біз орталыққа азаматтарды бес санат бойынша қабылдаймыз. Оның ішінде 1-2 топтағы мүгедектер, мүгедек баласы барлар, 1 жасқа дейінгі баласы аналар, жүктілік мерзімі 6 айдан асқандар және жалғызбасты зейнеткерлер осында орналасып жатыр. Облыс бойынша барлық эвакуациялық пунктегілердің арасынан аталған санат бойынша құлсарылық тұрғындарды осында жинаудамыз. Сондай-ақ, азаматтарды өз қалауы бойынша таңдаған эвакуациялық орталыққа орналастыруды да ескереміз. Жолаушылар пойызымен келген тұрғындарды теміржол вокзалынан күтіп алып, арасынан біздің орталыққа тиісті адамдарды жеткізіп отырмыз", - деді Әсет Шопанов.

    Оңалту орталығында орналасқан тұрғындардың мүмкіндігі шектеулі балаларына тиісті медициналық көмек көрсетіліп, арнайы мамандар жұмыс істеуде. Бұл нысанға 11 сәуірден бастап Атырау өңірінің тұрғындары уақытша қоныстана бастаған.

    "Мұнда мұғалімдер келіп, репетитор ретінде жұмыс істеуін үйлестіруді тапсырамын. Онлайн түрде оқудан бөлек, офлайн форматта оқыту ескерусіз қалмауы тиіс. Судан зардап шеккен адамдарға Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Сіздерге барынша қолдау көрсетіп, бірге екенімізді жеткізгім келеді. Бәріміз бірлесіп мәселенің барлығын ескерусіз қалдырмай, бұл кезеңнен де өтеміз деп сенемін. Атырау облысынан келген оқушылардың сабағына мән беріледі. Мұғалімдер оқытып, тиісті бағасын табельге қойып, жіберетін болады. Ерекше балалардың білім алуы бөлек. Соларға қажетті ұстаздардың тауып беруді облыстық білім басқармасы назарда ұстайды. Білім саласына қатысты, балалардың ерекшелігіне қатысты жайттар ескерусіз қалмайды. Адамдар мұнда ұзақ уақыт болатын болса, балабақша мәселесін қарап, бөлек топ ашуды қарастыруымыз керек", - деді Ғани Бейсембаев.

    Сондай-ақ, министр сырқаты бар жандар үшін қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізуді жауапты басшыларға қаперде ұстауды ұсынды.

    "Бізде дәрі-дәрмек жеткілікті. Қазіргі уақытта бұған қатысты бізде мәселе жоқ. Ең бірінші кезектегі мәселе ол атыраулықтардың күпті көңілін сейілту. Біздің оңалту орталығының дәрігерлері бар. Қосымша жұмыстың орталықтың мамандары тәулік бойы кезектесіп атқарып, қадағалап отыр", деді МО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопанов.

    490
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ұлықбек Тінәлиев: Сенбілікке кәсіпкерлер де қатысуы тиіс

    Келесі жаңалық

    Ақтауда жалпықалалық сенбілікке 600-ге жуық адам қатысты

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Рубрикалар

        СараптамаТүпқарағанБіле жүріңізМаңғыстауЖаңалықтарАуыл өміріӘлем жаңалықтарыСаясатБайқауАшық қоғам

      Автордың басқа да жазбалары

      Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

      4 қыркүйек, 17:12
      1993

      "Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қауіпсіздік клубын ашу мүмкіндігі"

      4 қыркүйек, 17:10
      4913

      Жаңашыл педагог

      4 қыркүйек, 17:08
      1948

      Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы

      4 қыркүйек, 17:05
      1979

      «Қазақ газ өңдеу зауытының» директоры 65 млн теңге жымқырды деп күдікке ілінді

      22 тамыз, 17:32
      3305

      Қазақстандықтардың 53,1 пайызы АЭС идеясын қолдайды – сауалнама

      22 тамыз, 16:57
      3380

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»