Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деп күдікке ілінді. Залал сомасы 65 млн теңгеден асады. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.