Мұнайлыда «Mitsubishi Lancer» автокөлігінің жүргізушісі наркотикалық психотроптық белсенді зат әсерінен болған масаң күйде көлік құралын басқарғаны анықталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мұнайлы ауданы ПБ-нің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері көлік жүргізушісін бүгін сағат 02:10 шамасында Мұнайлы сауда орталығына қарама-қарсы тас жол бойында тоқтатқан.
Аудандық полиция басқармасының баспасөз қызметі көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігіне сай әкімшілік хаттамасы жасақталып, заңды шешім қабылдау үшін Мұнайлы аудандық сотына жолданғанын хабарлады.