Ақтауда Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында құлсарылық балаларға «Ірімшік құмар тышқандар» атты ертегілік қойылымы көрсетілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара Маңғыстау туризм колледжінің ұйымдастыруымен өткізілді. Қойылымды тамашалауға қаладағы эвакуациялық пункттерден 300-ге жуық бала мен ата-ана келді.
Басты мақсат – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. «Ірімшік құмар тышқандар» ертегілік қойылымы көрерменді адалдыққа, ауызбіршілікке және достыққа шақырады. Мұндай шараларды алдағы уақытта да ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, - деді Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының өкілі Арай Абдрахим.