«Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 26 мамырда Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтауда 26 мамырда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ал, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында түнде қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады, күндіз қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұруі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік жүреді.