Қарақия ауданына қарасты Сенек ауылының Ә.Темірханов көшесіне 660 шм жаяу жүргіншілер жолы салынып, қолданысқа берілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, 2 млн теңге қарастырылып, балалардың ескірген ойын алаңы жөнделді. Жұмысты «ЖК Базаров» мердігер мекемесі атқарып шықты.
Ал 6 104 000 тг бағаланған жаяу жүргіншілер жолын «Кемелком» ЖШС мекемесі толық аяқтады.
Сондай-ақ, «АқтауҚұрылысСервис» ЖШС-і Сенек ауылының көшелеріндегі 130 дана конус пішінді шамды заманауи, тоқ көзін үнемдегіш LED лампаларға ауыстырды.