Қарақиялық спортшы Оразалы Бектемірұлы Қырғызстан Республикасында жасөспірімдер арасында өткен гір тасын көтеру спортынан 24 келілік екі гір тасын 141 рет көтеріп, әлем чемпионатынан күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
- Менің мотиваторым, спортқа қызығушылығымды арттырған – жездем Айдын Ахметов. Ал бапкерім - Нартай Атабаев пен Нұрсұлтан Сейтов. Қазіргі таңда туған өлкем Құрық ауылында «Қарақия аудандық БЖСМ» мекемесіне қарасты фитнес залында гір тасын көтеру үйірмесіне қатысып, мақсатыма жету жолында жұмыстанып жүрмін. Көздеген нысанам сүйікті бағытым бойынша «Спорт шебері» болу», - деді Оразалы Бектемірұлы.
1-4 шілде аралығында өткен әлем чемпионатына Пәкістан, Өзбекстан Қырғызстан, Ресей, Беларусия және Қазақстан Республикасынан жоғары деңгейдегі спортшылар қатысты. Оның ішінде еліміздің түкпір-түкпірінен 20-дан астам спортшы бағын сынап, олардың 80%-ы жетістікке жетті.
- Оразалы бұған дейін де осы спорт түрінен «Ақ бидай» ойындарының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының чемпионы, Азия чемпионы, енді міне Бішкек қаласында да жоғары деңгейде өнер көрсетті, - деді спортшының бапкері Нұрсұлтан Сейтов.