Тариф екі есе өсуі мүмкін. Егер оны қалалық мәслихат бекітетін болса, онда қоқыс шығару үшін халыққа бүгінгі 250 теңгенің орнына 450 теңге төлеуге тура келеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Ақтау қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" жобаны жария талқылау Ашық НҚА платформасында жүргізіледі.
Талқылау осы жылдың 29 шілдесіне дейін жалғасады.
450 теңгенің 367,525 теңгесі – жинау мен тасымалдауға, 41,475 теңгесі – сұрыптауға, ал 41 теңгесі көмуге жұмсалады.