Маңғыстау облысында балалар 1-сыныпқа биылғы 1 тамызға дейін қабылданады. Әзірге 16 628 бала қабылданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Алдағы оқу жылында 1-сыныпқа облыс бойынша 20030 бала қабылдау жоспарланған.
- Қазіргі таңда 16 628 бала(83,0%) 1-сыныпқа қабылданды. Оның ішінде қазақ сыныптарына - 14 844. Құжаттар электронды түрде egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қабылданып жатыр, - деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева.
Айта кетейік, 1-сыныпқа қабылдау үшін порталға мына құжаттарды тапсыру керек:
1) Ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;
2) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148139 болып тіркелген) бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысаны, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.