Маңғыстауда бокстан жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтауда бокстан 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстың ашық турнирі өтті. Аталған сынға Ақтау,Жаңаөзен қалаларынан және де Мұнайлы, Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған аудандарынан келген 140 спортшы бақ сынады.
Өңір біріншілігінің марапаттау рәсіміне Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айбек Имашев арнайы қатысты.
Маңғыстау облысының бокс федерациясының мамандары үш күн ішінде 120 жекпе-жек өтіп, 20 салмақ дәрежесі бойынша үздіктер анықталғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, ұйымдастыру алқасы және жаттықтырушылардың шешімімен жарыста ең үздік техникасы үшін Бекарыс Нұрмұхан марапатталса, жеңіске деген жігері үшін Нұрислам Нұрбек және ең үздік жекпе-жек Айбас Айғали пен Азамат Жауынбай марапатталған. Сонымен бірге, жарыста әділ қазылық атқарған Саясат Есібаев үздік төреші атанды.