Түпқараған аудандық мәслихат төрағасы, Қоғамдық штаб мүшесі Айсағали Нұғманов Ақшұқыр ауылына эвакуацияланған атыраулықтардың хал-жағдайын білуге арнайы барды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл пунктте 35 адам орналасқан, оның 28-і балалар. Арасында ерекше күтімді керек ететін қарттар да бар.
Маңғыстау облыстық Қоғамдық штабтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, штаб өкілі пунктке массажист, шаштараз мамандарын шақырып, тұрғындарға қажет көмекті ұйымдастырды. Сонымен қатар, төсек тартып жатқан қарияға қажетті көмек көрсетілді, инетерапия, массаж қажет ететін қарттар мен балалар ем-дом қабылдады.
Маңғыстау облысы бойынша эвакуацияланған азаматтар қандай да бір мәселелер мен сұрақтар туындаса Маңғыстау облыстық Қоғамдық штабқа хабарласа алады:
Инстаграм: qogamdyqshtab
Фейсбук: Маңғыстау облысы Қоғамдық штаб