Жақында Маңғыстау облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаевтың басшылығымен су тасқынынан зардап шеккендерге ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық қоғамдық штаб құрылып, штабтың алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жиынға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Звира Есбергенова, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары мен депутаттары, өңірдегі саяси партиялардың төрағалары, қоғам белсенділері мен кәсіпкерлер қатысты. Штаб отырысында Қоғамдық штабтың төрағасы мен мүшелері сайланды және жұмыс барысы түсіндіріліп, ұсыныстар тыңдалды. Штаб құрамында облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, саяси партия өкілдері, қоғам белсенділері бар.
Штабтың мақсаты - Маңғыстау облысына эвакуацияланған Құлсары қаласының тұрғындарына ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және оларға қажетті көмекті жедел ұйымдастыруға жағдай жасау.
Қоғамдық штаб мүшелері Ақтау қаласындағы эвакуациялық орталықтардағы Атырау халқымен тілдесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Штаб өкілдері қала, аудан бойынша эвакуациялық пункттердің ахаулын және атыраулықтардың жағдайымен танысып, эвакуацияланған тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.
Маңғыстау облысы бойынша эвакуацияланған азаматтарға медициналық көмек алу үшін өңірлік call-center байланысы тәулік бойы қызмет көрсетеді.
8(7292) 30-30-60
8775-877-62-59
Сауалдарыңыз бен ұсыныс-пікірлеріңізді жеткізуге толық мүмкіндік бар:
Инстаграм: qogamdyqshtab
Фейсбук: Маңғыстау облысы Қоғамдық штаб