Маңғыстауда кикбоксингтен жастар мен кадеттер арасындағы облыстық чемпионаты өтті, , деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қаласындағы «Маңғыстау арена» спорт кешенінде кикбоксинг бойынша 2005-2006, 2007-2008 жылы туған жастар мен кадеттер арасындағы Маңғыстау облысының чемпионаты аяқталды. Жарыстың ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының міндетін атқарушы Айбек Имашев қатысып, облыстық іріктеудегі кикбоксинг шеберлерінің жекпе-жегін тамашалап, жарысқа сәттілік тіледі.
Жарысқа Ақтау, Жаңаөзен қалаларымен Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия аудандарынан барлығы жүзге жуық спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша 2007-2008 жылы туған спортшылар арасында жеңімпаздар қатарынан 39 келіде Сейітхан Мейіржан, 42 келіде Еламан Рамазан, 45 келіде Оразбек Нұрберген, 48 келіде Базар Диас, 51 келіде Бергенбай Райымбек, 54 келіде Ибрагимұлы Роман, 57 келіде Абдижамиев Рамазан, 60 келіде Айсағали Мәди, 67 келіде Тынышбай Асқар, 71 келіде Махмуд Мәди, +71 келіде Нұрмұхан Әділет табылды. 2005-2006 жылы туған спортшылар арасында 51 келіде Ерікұлы Амандык, 54 келіде Асылбек Нұржігіт, 57 келіде Жаулбай Алихан, 63,5 келіде Жоламанов Бейбіт, 71 келіде Мәжіліс Мейрамбек, 75 келіде Бақытжанұлы Әнуар, +91 келіде Ғалымбекұлы Нұрсәт жеңімпаз атанды.
Маңғыстау облысы бойынша кикбоксингтен аға жаттықтырушы Төремұрат Селиковтың жастар және кадеттер арасырда өтіп жатқан облыстық іріктеу қорытындысы бойынша 2005-2006 жылы туған жастар арасында 1-2-орынды иеленген спортшылар ақпан айының соңында Қостанай қаласында өтетін ел чемпионатына жолдама алса, 2007-2008 жылы туған жасөспірім спортшылар наурыз айының аяғында Семейде өтетін ҚР чемпионатында сынға түсетінін айтады.