Ақтау қаласы әкімінің тұрғындармен тоқсандық кездесуінде Ербол Ізбергенов 17ш/а орналасқан «Оқушылар сарайының» құрылысы аяқталуға жақын екенін айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«NCOC компаниясының демеушілігімен салынып жатқан 17шағын ауданда орналасқан «Оқушылар сарайын» жақын арада пайдалануға беру жоспарда бар», - деді қала әкімі Е. Ізбергенов.
Сондай-ақ, 17шағын ауданда орналасқан 500 орындық студенттер жатақханасының құрылысы аяқталғаны да атап өтілді.