Кеше Ақшұқыр ауылында мектеп оқушылары автокөлікті айдап кетіп, жол көлік апатына түскен болатын. Екі оқушы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Қалған екі оқушының біреуі реанимацияда, жағдайы ауыр. Біреуі үйіне жіберілді”, деп хабарлады МО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады.