© ТЖД
Қайғылы оқиға кеше Ақтау қаласынан 25 шақырымда орналасқан «Шора» каналында (шомылуға тыйым салынған жер) болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы ТЖД жедел кезекшісіне қоңырау кеше сағат 18:56-да түскен.
«Оқиға орнында үгіт-насихат жұмыстарында жүрген ЖҚЖ қызметкерлері суға батып бара жатырған Т. есімді ер адамды (1981ж.т.) жағадан шамамен 25-30 метр қашықтықта құтқарып, жағаға шығарды. Құтқарылған ер адамның баласы Н. (2003 ж.т.) суға батып кеткен. Баланы сағат 21:30-да жедел құтқару жасағы жағадан шамамен 130 метр қашықтықта, 2,5 метр тереңдіктен тапты», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.