
Маңғыстау облысында 32 жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
8 маусым күні Каспий теңізінің жағалауында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жағадан 30 метр қашықтықта өз бетінше жағаға шыға алмаған 1992 жылы туған әйелді судан құтқарды. Медициналық көмек қажет болмады, деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта.
ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.