Агенттіктің тапсырмасына сәйкес «Тұрмыс-Сервис» және «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарында комплаенс-қызметі құрылып, жауапты тұлғалар бекітілгені туралы Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Қ. Рысбаев Antikor.live жобасы аясында өткен тікелей эфирде айтты.
Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрықты ұстана отырып, Қарақия ауданында жұмысшы топ құрылып, іс-шара жоспары бекітілгенін және жоспарға сәйкес ауданға қарасты бөлімдер мен ауыл, ауылдық округ әкімдері аппараттарының жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін хабарлады.
Бұдан бөлек, былтыр Қарақия ауданындағы білім ордаларында «Парасаттылық мектебі» өз жұмысын бастаған. Мектептің басты мақсаты – оқушылар бойына адамгершілік қасиетті, адалдық пен мәдениеттілікті қалыптастыру. Осы орайда, 5-11 сыныптар арасында «Адалдық сағаты» атты тәлім сағаты өткізіліп, оған 4331 оқушы қатысқан.
Ал қазіргі таңда жастарды көшбасшылыққа баулу мақсатында Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Jastarga-kenes», «Jastarga-bilim», «Jastarga-qyzmet», «LECTORIUM» жобалары аясында шаралар ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар, тікелей эфир барысында Қарақия ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында да бірқатар шаралар атқарылып жатқандығы туралы ақпарат айтылды. 2020 жылдың 30 қарашасынан Қарақия ауданы әкімдігі жанынан «Сервистік әкімдік» кеңсе ғимараты ашылып, ауданның 7 бөлімі мемлекеттік қызметтер көрсетуде. Ал 2021 жылдың қаңтар айынан бүгінгі таңға дейін сервистік әкімдікте жалпы барлығы 150 мемлекеттік қызмет көрсетіліп 150 тұрғынға кеңес берілген.
Эфир соңында Қайрат Ерсұлтанұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және білім беруді қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметшілердің семинар, тренингтеріне қатысу жұмыстары, заңнамалық түсіндіру, ақпараттық анықтамаларды тарату, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу жұмыстары жиі жүргізілетінін атап өтті.