Қарақияға ауданына мал азығын жеткізу, оны сақтау бойынша оператор ретінде белгіленген Бауыржан Айтуаров Қостанай облысындағы "Вадиса М" ЖШС-мен кебек жемін жеткізуге жазбаша келісімге отырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Екіжақты келісімшартқа сәйкес "Вадиса М" ЖШС-і кезең-кезеңімен 300 тонна кебек жемін темір жол тасымалы арқылы жеткізіп береді.
Ал жеке кәсіпкер Б.Айтуаров ауданға жеткізілген кебек жемін өзінің қоймасында қыстық қорда сақтайды. Қажеттілік туындағанда тұрғындарға қолжетімді бағада сату мүмкіндігі қарастырылған.