Бостан ауылдық округінде жарық шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарақия ауданында «Ауыл-Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Бостан ауылдық округінде ескі көше шамдарын, энергия үнемдегіш лэд жарық шамдарына ауыстыру жұмыстары басталды.
Мұндағы мақсат – көшедегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып отыр. Екі жүзге жуық жанбай тұрған, іске асудан қалған ескі жарық шамдары ауыстырылып, тұрғындар игілігіне қызмет етеді.
- Жарық - ол әуелі түнгі мезгілде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін маңызды. Кешкі мезгілде ауылымыз жап-жарық болып тұратыны анық. Бұйырса ауылішілік жолда жөндеуден өтеді. Елдің игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарға ризамыз», - дейді ауыл тұрғыны.
Айта кетейік, жарықтандыру жұмыстарын жоспарға сәйкес мамыр айында аяқталмақ.