16 сағаттан бері «Эйр Астана» КС 860 «Ақтау-Алматы» рейсінің жолаушылары Ақтау әуежайында отыр. Жоспар бойынша олар тамыздың 12-сі күні сағат 01.00-де ұшуы керек еді. Жолаушылардың көбісі шаруаларына кешігіп, кейбірі жұмысқа үлгермей қалғанын айтып, шағымданып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
– Біз түні бойы әуежайда болдық. Рейс бірнеше рет кейінге қалдырылды. Таңертең бізді екі сағатқа қонақүйге апарды. Кейін өзіміз әуежайға қайттық. Таңертең бізге 1300 теңгелік ваучерлер берілді, содан бері әуежайда отырмыз. Мен компанияға қоңырау шалуға тырыстым, соңында ақшамды босқа жұмсадым, ешкіммен байланыса алмадым. Соңғы хабарландыру бойынша сағат 14:30-да ұшуымыз керек еді, бірақ олар оны 16:30-ға ауыстырды. Жауапты мамандар ештеңені анық айтпайды, мұндай сәбилер мен қарттар да бар ғой», - дейді жолаушы Нұрсұлу Қалиева.
– Ұшақ бұзылды дейді. Бірақ ешкім ештеңе түсіндірмейді. Кешіктірілген рейстегі жолаушылар 16 сағат демалмады.
Белгілі болғандай, рейс техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылған. «Эйр Астана» жолаушылар төлем түбіртегін тіркей отырып, әуе компаниясының сайтында өтемақы алуға өтініш бере алатынын атап өтті.
- Жолаушыларға тамақ берілді. Әуе компаниясының келісім-шарттары бар қонақүйлерде бос бөлмелер болған жоқ. Сондықтан жолаушыларға авиакомпания шығындарын кейін өтей отырып, басқа қонақүйлерде нөмірлерді өз бетінше брондауды сұрады. Өтемақыға өтініштер чектер көрсетілгеннен кейін help.airastana.com сайтында қабылданады. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», - деп хабарлады әуе компаниясы.