Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны өтіп жатыр. Осыған орай, Құрық ауылында М. Жолболдин атындағы орталық саябаққа 120-ға жуық арша талы отырғызылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шараға Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев, аудандық мәслихат төрағасы, аудандық «Аманат» партиясы филиалының төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, құқық қорғау органдары, аудандағы барлық мекеме, кәсіпорын, бөлім басшыларымен қызметкерлері және ауыл жастары белсене қатысты.
- Көктем – табиғаттың жаңарып, табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Тал көшеттерін отырғызу ежелден келе жатқан дәстүр. Суару әдісі де жолға қойылатын болады. Еккен көшеттеріміз, мәуелі бәйтерекке айналсын!, - дейді науқанға қатысушы.
Айта кетейік, осыған дейін орталық «Абай» көшесіне де ағаштар отырғызылған болатын.
Науқанның мақсаты - халық арасында экологиялық мәдениетті арттыру, қоғамдық орындарда азаматтардың мүлікке ұқыпты қарауға шақыру. Сондай-ақ, халықтың табиғатқа деген оң көзқарасын қалыптастырып, тазалықты сақтауға, санитарлық жағдайды жақсартуға бағытталған.