Аудан басшысы Сымбат Төретаев, бүгінгі жұмыс күнінде Құрық ауылына қарасты ст.Ералы елдімекенінде болды. Онда тұрғындармен кездесіп, салынып жатқан саябақтың құрылыс жұмыстарын бақылады. Мердігер мекеме басшылығына барлық талапқа сай тез арада аяқтап, ел игілігіне беруді атап өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, саябақтың құрылыс жұмыстары аяқталысымен, қосымша ішіне «worкout» жастар алаңын салуды, балаларға арналған ойын алаңдарын қалпына келтіруді тапсырды.
Ауылдың кескін келбетіне нұқсан келтіріп тұрған тарихи қалдықтар осы уақытқа дейін демеушілік есебінен тазаланған болатын, алайда толықтай аяқталмаған. Осы орайда, аудан басшысы елдімекен тұрғындарына тарихи қалдық қоқыстарға сметалық есеп жасақталып, бюджеттік өтінім берілгенін айтып өтті.
Сонымен қатар, көппәтерлі 9 тұрғынүйдің қас бетін, шатырын жаңарту үшін сметалық құжат жасақталып, нақтылауда қаражат қарастырылған. Алдағы уақытта мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс ұйымдастырылып, жөндеу жұмыстары басталатынын жеткізді.
Аталған елдімекен тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Тұрмыс-Сервис» МКК - ге тиелісі су сақтау қоймасында болып, қазылған скважинаға, су сорғыларын орнатып, іске қосу қажеттілігін жеткізді.