© Kazinform
Париж Олимпиадасының үшінші жарыс күнінде еліміздің бірнеше спортшысы жарыс жолына шығады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Төртжылдықтың бас ойындарындағы алғашқы екі күнде үш жүлде алған Қазақстан атлеттеріне жанкүйерлер сеніммен қарайды.
Бүгін дзюдодан 73 келіде Данияр Шамшаев татамиде шеберлігін көрсетеді. Сонымен бірге, боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг) екінші жекпе-жегін Қытайлық Тайпэй атлеті Лэй Чу Энмен жұдырықтасады.
Ал бокстан аса ауыр салмақта Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев испаниялық Гадфа Дриссимен шаршы алаңда кездеседі.
29 шілдеде болатын отандық спортшылардың жарыс кестесі:
12:00. Әйелдер. Семсерлесу. 1/32 финал. Айгерім Сарыбай - Чайма Бенадуда (Алжир)
12:15. Оқ ату. Микст. Пневматикалық тапанша. 10 метр. Іріктеу.
Никита Чирюкин, Ирина Юнусметова
12:30. Академиялық есу. Ерлер. Жартылай финал E/F 1.
Владислав Яковлев
12:30. Оқу ату. Әйелдер. Пневматикалық винтовка. 10 метр. Финал
Александра Ле
13:00. Дзюдо. Ерлер. 1/16 финал.
73 келі. Данияр Шамшаев - Муроджон Юлдошев (Өзбекстан)
13:16 Садақ ату. Ерлер. 1/8 финал.
Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко. Қазақстан - Италия
14:13 Жүзу. Әйелдер. Шалқалау жүзу. 100 метр. Іріктеу.
Ксения Игнатова
15:00 Теннис
18:40 Бадминтон. Ерлер.
Дмитрий Панарин - Брайан Янг (Канада) (18:40-тан ертерек емес)
23:00. Үстел теннисі. Ерлер.
Кирилл Герасименко.
00:04. Бокс. Ерлер. 1/8 финал.
63,5 келі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Лай Чу Ен (Тайбэй).
Бұған дейін дзюдодан Елдос Сметов Париж Олимпиадасынан чемпион атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола медаль жеңіп алды.