Ұлттық құрама дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) Париж Олимпиадасында серб Страхиня Бунчичті жығып, қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл қазақ дзюдосы тарихындағы триумф! Парижде алғаш рет олимпия ойындарында ұлттық құрама 1 алтын, 1 қола жүлдеге қол жеткізді.
«Қуан, Қазақ елі! Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев — Олимпия ойындарының қола жүлдегері! Білекті де жүректі балуанымыз ел мерейін асырып, сенімді ақтады! Ғұсманның өнерін арнайы барып тамашаладым. Өте мықты балуандармен бетпе-бет келді. Қара күші мен мінезінің арқасында осы деңгейге жетті. Олимпиадаға мықты спортшылар ғана қатысатынын ескерсек, қола да жақсы нәтиже. Париж төрінде Қазақ дзюдосының жаңа тарихы жазылып жатыр. Кеше Елдос Сметов чемпион атанды. Әбиба Әбужақынова жанкешті өнер көрсетті. Енді, міне, Ғұсман намысты қолдан бермеді. Жарайсың, Ғұсман!», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.