Париж Олимпиадасында боксшы Сәкен Бибосынов түрік спортшысын ұтып, ширек финалға шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Отандасымыз 51 келіде түрік боксшысы Самет Гюмюшті айқын басымдықпен ұтты. Төрешілер бұл кездесуде 5:0 есеп нәтижесін тіркеді.
Қазақстан боксшысы келесі кезеңде өзбек спортшысы Хасанбай Дусматов пен Хуанма Лопес де Хесус (Пуэрто-Рико) арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.
Айта кетейік, Сәкен Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанған болатын. Сондай-ақ, ол әлем чемпионатының жеңімпазы және қола жүлдегері. Ал түркиялық Самет Еуропа ойындарының күміс жүлдегері (2023), Еуропа чемпионатында (2024) топ жарған.