Париж олимпиадасында 80 келі салмақта рингке шыққан қазақстандық Нұрбек Оралбай Австралия боксшысы Каллум Питерсті жеңіп, ширек финалға өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Алғашқы раундта Нұрбек қарсыласын 5:0 есебімен жеңді. Екінші раунда Австралия өкілі отандасымызды нокдаунға жіберді. Бойын тез жинап алған Нұрбек шешуші раундта 3:2 деген төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Тамыз айының екісі күні ширек финалда күш сынайды.
Нұрбек Оралбай өткен жылы өзбек астанасы Ташкентте өз салмағында чемпион болды.